БОЛҒАН ЖАСТАН
(ІІ нұсқасы)
Болған жастан жел сөзге аузым епті,
Жас та болсам, өзгеден көрдім көпті.
Қалың топтың тастайын ортасына,
Артық-кемі жайымның, ахау,
біраз кепті, ау-ай.
Болып өткен кәсібім менің түзден,
Күдер үзіп тұрған жоқ ел-жұрт бізден.
Еске түсіп туған жер, Есіл суы,
Жас домалап кетеді-ау,
ахау, екі-ай көзден, ау-ай.
Тағылы мен Бұғылы бүркіт салған,
Ұйпалақтап қып-қызыл түлкіні алған.
Оқта-текте, туған жер, кең даламды,
Бұлбұл ұштың көзімнен, ахау,
дүние жалған, ах-уәй.
Күнбатысқа көлденең аққан Нұра,
Оған барып алты өзен құйған жыра.
Сарыарқаның түрленген бетегелі
Шөбің еді «закуска», пау, суың «сыра», ах-уәй.
Әкем Құтпан болғанда, шешем – Қаржау,
Маған десең, көз жасым жаңбыр боп жау.
Бүркіт ұстап басыңа шығар ем,
Бір көрінсең, көзіме пау, Ерейментау, аууәй.
Өткен күндер кеткенде ілгері көшіп,
Оқтын-оқтын кетесің еске түсіп.
Қанша қатын Қыпшақтан ұл тапсаң да,
Бірі де болмассыңдар, пау, Иманжүсіп, ау-ай,