10.06.2022
  155


Автор: Иманжүсіп Құтпанұлы

САРЫАРҚА

(ІІІ нұсқасы)
Сарыарқа, сарқыраған суың қайда,
Күнде той, күнде думан шуың қайда?
И-гә-гә-гәй, и-гә-гәй
Оу, ги-гәй.
Найзағай жел тұрғанда жарқ-жұрқ етіп,
Көктемде нөсерлеткен жауын қайда?
И-гә-гә-гәй, и-гә-гәй
Оу, ги-гәй.
Қайырмасы:
Сарыарқа, менің жерім-ай,
Сауықшыл қайран елім-ай.
Ой, елім-ай
Ит жүгіртіп, құс салған,
Айдын көл шалқар.
И-гә-гә-гәй, и-гә-гәй
Оу, ги-гәй.





Пікір жазу