10.06.2022
218
САРЫАРҚА
(ІІ нұсқасы)
Сарыарқа, салқын дала, көгал қайда,
Кең байтақ, айдын шалқар көлің қайда.
Үгә-гәу, ге-геу, ги-гәй,
Ай-ги, гә-гәри, гену-гәй.
Байландым кетер ме едім жерден алыс,
Жібермей дәм тұз мұндай жайда.
Үгә-гәу, ге-геу, ги-гәй,
Ай-ги, гә-гәри, гену-гәй.
Қайырмасы:
Сарыарқа, менің жерім-ай,
Сағындым, қайран-ау елімді-ай.
Оу, елім-ай!
Ит жүгіртіп, құс салған,
Айдын көл шалқар.
Үгә-гәу, ге-геу, ги-гәй,
Ай-ги, гә-гәри, гену-гәй.
Жүруші ем Сарыарқаны қоныс етіп,
Адасып, қиыр қонып, теріс кетіп.
Үгә-гәу, ге-геу, ги-гәй,
Ай-ги, гә-гәри, гену-гәй.