10.06.2022
144
Жалғыз үй естек едің, Рахымжан...
Жалғыз үй естек едің, Рахымжан,
Аузыңнан ағып тұр ғой қып-қызыл қан.
Ойда – орыс, қырда – қыпшақ малын жедің,
Тәкаппар, қызыл ауыз, ай, антұрған.
Жәрдемшің патша бопты саған қорған,
Сақта деп біраз жүрдім жайған тордан.
Менің де жүрегімнің қаны қызды,
Рахымжан, сен де аяма Келсе қолдан.