10.06.2022
  178


Автор: Иманжүсіп Құтпанұлы

Кісендеулі аяқ-қол, кетті тыным...

Кісендеулі аяқ-қол, кетті тыным,
Тар қапаста өксумен өтті күнім,
Торға түскен торғайдай тыпыршиды,
Жаңғыртқан Сарыарқаны қайран үнім.
Жаламенен сорладым, мен не дермін,
Тарқамастан барады көңіл шерім.
Алтау ала болғанда, ер – құрбандық,
Осымен азғаның ба, қайран елім?





Пікір жазу