10.06.2022
  564


Автор: Аслан Қаженов

Бумеранг

Көп оқитын әдебилеу тыңаны,
Көп оқитын мәдинелеу мұраны.
Алматылық пәтерлердің бірінде
Ең зиялы алкоголик тұрады.

Аллаға да құлшылығын қылады,
Мешітке де жиі барып тұрады.
Алматылық пәтерлердің бірінде
Ең иманды алкоголик тұрады.

Талай-талай қыздар оған құлады,
Талай-талй әйелге де ұнады
Алматылық пәтерлердің бірінде
Ең әдемі алкоголик тұрады.

Ол ешкімге білдіртпеді мынаны,
Ол ешкімге көрсетпеді қырағы.
Алматылық пәтерлердің бірінде
Ең тәкаппар алкоголик тұрады.

Бірақ бәрін орнына сұғады,
Бірақ бәрін уақытында қылады.
Алматылық пәтерлердің бірінде
Ең ақылды алкоголик тұрады.

Ұлты үшін әркез рюмка ұрады,
Жұбан сөзі жұбанатын ұраны.
Алматылық пәтерлердің бірінде
Ең патриот алкоголик тұрады.

Көп өмірдің шешілмеген сұрағы,
Сондықтан да ішед арақ,сыраны.
Алматылық пәтерлердің бірінде
Ең күнәсіз алкоголик тұрады.

Ішпесе сондай болмас ед.





Пікір жазу