10.06.2022
  84


Автор: Серік Тұрғынбеков

ҚАРАУЫЛДЫҢ ҚЫЗДАРЫ

Көрікті ғып жаратқан
Көк шыршадай құздағы...
Ханның өзін қаратқан
Қарауылдың қыздары.
Туған-туыс, бауырдың
Тал бесігі – ел іші.
Қыздары көп ауылдың
Аз болмаған серісі.
Жұлдызындай жапанның
Қызықпайды қай кісі.
Ақтоқтысы Ақанның,
Біржан салдың Ләйлісі.
Тауып сылтау – көп себеп,
Қарайлаймыз біз-дағы...
Қармағыма қапса деп
Қарауылдың қыздары.
Сырласыңдай, досыңдай
Қарауылдың қыздары.
...Болса, шіркін, осындай
Әр ауылдың қыздары!





Пікір жазу