10.06.2022
  174


Автор: Серік Тұрғынбеков

ҚҰШАҒЫҢДЫ АШ, ҚЫЗЫЛОРДА!

Құштар көңіл ұлың келді,
Құшағыңды аш, Қызылорда!
Сен жасырма сырыңды енді,
Өткен жылдар ізі бар ма?
Өткен жылдар,
Өткен күндер
Батыра ма бүгін де ойға.
Өтіп кетпей өкпек желдей,
Сыр айта ма, сыбырлай ма?
Кезің болса есең кеткен,
Толтыруын тілейді елің.
Жыр жаңбырын нөсерлеткен
Қайда Сырдың сүлейлері?
Жұмбақ өмір – өткенімен
Жоғалған көл, шөккен қала.
Жақаевтың кетпенімен
Жайнап, түлеп кеткен дала.
Тарихыңды тыңдатасың,
Бір сыбаға тартайын мен.
Бүгін тағы тіл қатасың
Тұрмағамбет, Нартайыңмен.
Жасырыпты-ау жүзін ол да,
Асқақ едің Асқарыңмен.
Құшағыңды аш, Қызылорда,
Сырласайын жас-кәріңмен...





Пікір жазу