10.06.2022
144
Аяз сорып жер төсін...
Аяз сорып жер төсін,
Сұрланып тұр ерке аспан.
Қымтана алмай көрпесін,
Қитығады желтоқсан.
Көкте тұрған мекендеп,
Күн көзінде уайым бар.
«Қалай болар екем!» – деп
Қалтырайды қайыңдар.
Бойындағы күш тасып,
Дала қауырт қозғалар.
Қатты болса қыс басы,
Қайтымы да тез болар