10.06.2022
115
Күйдім-жандым...
Күйдім-жандым,
Өлдім-талдым,
Естен тандым – махаббат.
Бал дәміңе,
Зәмзәміңе,
Шөлдеп келем – қаталап...
Бір оңаша қалдыршы,
Құмарымды қандыршы!
Жан еркіңмен,
Бал ерніңнен
Балқытып бір сүйдірші.
Гүл үніңмен,
Қылығыңмен,
Жалындатшы, күйдірші
Түсінсеңші, наз әнім,
Махаббаттың азабын!