10.06.2022
133
ӨСКЕМЕН КӨШЕСІ
Өнеге қалар әр кез өскен елден,
Қашанда құрметке дос кенелген.
Ылғи бір сай тасындай азаматтар
Сау етіп келе қалды Өскеменнен.
Осында ән әуені, жыр тізбегі,
Қыз-жігіт әр жүректен сырды іздеді.
«Басқаңды қоя тұр да, – дейді бір қарт, –
Үйіне Өскеменнің кіргіз мені».
Қуантып жігіт-желең ата-ананы,
Қарттардан осылайша бата алады.
Бұл кеше өскен елдің салтын сақтап,
Бұл көше «Өскемен» деп аталады.
Қол бұлғап терезеден, есіктерден,
«Қуаныш құтты болсын!» – десіп келген
Қосылып қанша бауыр,
Қаншама ауыл,
Секілді бар Өскемен көшіп келген.
Көмектің түрі көп қой тағы осындай
Өзеннің арна тартқан сағасындай.
Өскелең өміріне көрік берген,
Өскемен Арқалықтың ағасындай.