10.06.2022
  142


Автор: Серік Тұрғынбеков

ЕРКЕ ӨЗЕН

Еркелейсің, Есілім,
Еркелейсің сен маған.
Еркелесең несі мін,
Еркелеткен кең далам.
Жан жүйемді козғаған,
Жалын атқан сөз бе едің?!
Еркелесең – өз далаң,
Еркелесең – өз жерің.
Айналайын халқымнан
Айдыныңа бас ұрған.
Ағыл-тегіл алтын дән
Ағыныңа қосылған.
Кім қарамас Есілге
Сүйіп, жанып, өртенбей?!
Сарыарқаның төсінде
Сағындырған еркемдей.
Мен бір толқын Торғайдан
Ағып барып қосылған.
Бар байлықты шалғайдан
Алып барып қосылған.
Көп өрнекті мен көрдім,
Кесте салған жеріме.
Есіл сол бір ерлердің
Есіл кеткен тері ме?
Бал суыңды татқан соң,
Балаң саған жеткен де.
Есіле ағып жеткен соң,
Есіл атап кеткен бе?





Пікір жазу