10.06.2022
115
БАРАҚ СОРЫ
Барақ бақыт іздемепті өзгеден,
Бірақ жікшіл жалғандыққа төзбеген.
Бақасқанын батылдықпен басып ап,
Бір-ақ жолды – шындық жолын көздеген.
Бірақ заман дегеніне көнбепті,
(Енді ол болмай, боламын ба мен кекті?!)
Көкіректі қарс айырған қайғыны
Көл боп аққан көз жасымен емдепті.
Бірақ оны бай ұқпады, ел ұқты,
«Пері де емес, жынды да емес желікті».
– Құдай мені жаратқан, – деп, – сорлы ғып, –
Содан батыр сорға түсіп өліпті.
Аңыз ғой бұл... өтірік пе, шын ба әлі,
Елдігімен, ерлігімен кім мәлім?!
...Сортаң сордан татып алсаң білесің
Қайғы-зардың ащылығын мұндағы...