10.06.2022
130
Жоқ менің арқа сүйерім:
Жоқ менің арқа сүйерім:
Жоқ менің аға-інім де.
Сол үшін жанып-күйемін
Құдайдың құтты күнінде.
Жоқ менің арқа сүйерім:
Жоқ менің апа-жездем де.
Сырқырап-сынып сүйегім,
Түседі жаным безбенге.
Жоқ менің арқа сүйерім:
Қолтықтан демер «көкем» де.
Ағытып шердің тиегін,
Аңырап бір күн кетем бе?!
Жоқ менің арқа сүйерім:
Алаулап барып басылдым.
Кемсеңдеп талай иегім,
Көзімнің жасын жасырдым.
Құлақ түр менің сөзіме:
Көсіліп байтақ далада,
Арқамды сүйеп Өзіңе
Жатармын мәңгі...
Жер-Ана