10.06.2022
124
Отызыңда жырмен орда бұзбасаң...
Отызыңда жырмен орда бұзбасаң,
Отызыңда от боп маздап, қызбасаң,
Қайта жану қиын болар бір сөнсең,
Қайта еру қиын болар мұздасаң.
Елуінде екпіндейді ер ақын,
Еңіс, төмен түсірмейді ел атын.
Оның жаны қалың орман, бау-бақша,
Әр бұтаға әнші құстар қонатын.
Нағыз ақын алпысында алдырмас,
Желе шауып жетпісінде шалдырмас.
Сексенінде секем алып, сыр бермес,
Тоқсанында топта қамшы салдырмас.