10.06.2022
  130


Автор: Серік Тұрғынбеков

МЕРГЕННІҢ ӘҢГІМЕСІ

Айналып өтіп едім Айнакөлден,
Қалың құс қапталдады қайдан келген.
Су кешіп қамысақтан мамыр қусаң,
Қызығың ештеңе емес жайда көрген.
Мергеннің екі көзі шүңірейіп,
Ұңғысы қос ауыздың үңірейіп.
Қаталап қырқа жақтан шөлдеп келіп,
Шәрбатын Айнакөлдің сімірейік.
Мөлдір су көңіл кірін шайып кетсін,
Жотасы күдірейіп жайық көктің.
Толтырып қанжығамды құсқа теңдеп,
Бір күнде, ағайындар, байып кеттім.
Емес ем еңбегімді сатқан кісің,
Болатын басымырақ жаттан мысым.
...Тіріліп ішек-қарнымды тырналап жүр
Бейкүнә баяғыда атқан құсым.





Пікір жазу