10.06.2022
  124


Автор: Серік Тұрғынбеков

Ауылға барсаң, қиыр бар...

Ауылға барсаң, қиыр бар,
Жүректің болар сол емі.
Өрістен қайтқан сиырлар
Өлеңін айтып келеді.
Самалдарды сөйлетпей,
Құмға сіңіп кетті күн.
Жел көтерген көйлектей
Көлбеңдейді көк түтін.
Кештің мимырт кезі нақ
Түнге айналар төзе алмай.
Көгендегі қозы-лақ
Көкжиектен көз алмай...





Пікір жазу