10.06.2022
  107


Автор: Серік Тұрғынбеков

Ақ боз үйді тіктіріп ақын жатыр...

Ақ боз үйді тіктіріп ақын жатыр,
Аяғынан тік тұрып жақын мақұл.
Алшысынан талайды алшаңдатқан,
Жиырмасыншы жас ғасыр, жасыл ғасыр.
Жұмақ мекен, жайлы өмір, ұшпақ далам,
Қызыл-жасыл алдымда түс қаптаған.
Кетті ақынның көңілі құла түзге
Шу асаудай жайлауда ұстатпаған.
Ақ боз үйдің зерлетіп арқа-басын,
Жиылған жұрт кештете тарқағасын,
Жалғыз өзі жаңғыртып жер-жаһанды,
Домбырасын қосыла тартады ақын.





Пікір жазу