10.06.2022
  91


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Сағынып

Сағынып келесің, сен күліп,
Кетесің сағынып...
Жолыңа күн кешем телміріп,
Тағы үміт...
Хаттан да сағыныш от өрдің,
Жауапқа өртендің, бар ма айып?
Жолыңа қараумен өтермін,
Сарғайып...
Сағынып, бал мұңға малынып,
Көзіме телмірдің тағы нық...
Сен - маған, мен - саған жете алмай,
Қамығып өтерміз, зарығып –
САҒЫНЫП..





Пікір жазу