10.06.2022
  92


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Түн

Түн...
Жаңбыр...
Сиқырлы ертегі...
Шегірткелер шебер күйшідей
Күйін шертеді...
Түн...
Жаңбыр...
Сиқырлы ертегі...
Ыстық құшақ...
Оттай сүйісу,
Жанымды өртеді...
Түн...
Жаңбыр...
Сиқырлы ертегі...
Асау жүрек неткен ерке еді,
Тасыған қан, тамырға сыймай
Ұзын қылды келтені...
Таң...
Күн шықты...
Сиқыр - сөзге ұласты...
Жаңбыр тынды, басылды құмар,
Тоқтап қалған уақыт еріншек,
Көздерін ашты...





Пікір жазу