10.06.2022
  116


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Садық шегеші

Садықтың әйелі қиянат қылды...
Шегеші жарлы еді,
Елеусіз, шолақ.
Перзентсіздіктен, арын сиялап тынды,
Айсұлу болғанмен жарының аты.
Айдай сұлу көркем емес-тін бірақ.
Сұлулық некені сақтай алмады.
Оны шайтан жолдан ұрды.
Құдай ұрды Садықты.
Өзіне сыймады, ұйықтай алмады,
Ошақтан жалақтап қызыл жалын да
Келемеждеді, қағытты.
Құманда ойнақшып су да қайнаған,
Қарқылдап күлді үстінен.
- Құры!.. – деді Айсұлуға жәй ғана,
Айсұлу үнсіз ғана тұрды өксумен.
Садықтық танытпай жар тіпті тіреу,
Түнде жоқ боп шықты Садықтың өзі.
Сандырақтап жүрген байғұсты біреу,
Терең арық жақта шалыпты көзі.
Бір жыл өтті, екі, үш, бес жыл,
Айсұлуды жын шалды,
Шұбар жайлады.
Шаштары жайылған супері кескін,
Тереңарық бойында отырады-мыс.
Қолында шегешінің құрал-сайманы,
Қолында Садығының құрал-сайманы:
Садағы, ілмекбізі, желім кеппеген.
«Шықшы, бегім, көңіліңізді желімдеп берем,
Жаныңды, берші,бегім желімдеп берем...





Пікір жазу