10.06.2022
  135


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Жалғыз

Миллион жыл адамзат мені күткен-ді,
Тізесін таулардың дені бүккен-ді,
Жүректерде мейірім демі біткен-ді,
Сол сәтте мен тудым - әлемде жалғыз!
Теңіз тамшы болып күн кеше білген,
Жанарлар бар нұрды күннен сіңірген.
Жаңбырдан, Күннен де өзгешемін мен
Өйткені жалғызбын әлемде, жалғыз.
Мыңдаған ұлт, халық, еркін өсуде,
Жұлдыздар телінді не түрлі есімге.
Басқа ақын жоқ сірә жердің бетінде,
Өйткені жалғызбын әлемде, жалғыз.
Әр сөзім құдріет, жақұт һәм көктем,
Табаным тиген жер бақытқа жеткен.
Көз отым найзағай тасып, жарқ еткен.
Өйткені жалғызбын әлемде, жалғыз.
Құдай өзі берсін күшіңе - күшін,
Әділ һәм оң етсін ісіңе үкім.
Мен енді тумаймын түсінемісің
Өйткені жалғызбын, әлемде жалғыз...





Пікір жазу