10.06.2022
  126


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Н-ға.

Мейлі біреулерге
Ұнайды аса,
Тіпті кейбіреуі сөз етер берік.
Біз бақытты боламыз
Құдай қаласа,
Құдай қаламаса
Кездесер ме едік?
Райхан жұпарыңды
Жоладырма сеп,
Әр күні күт мені
Түнде ай туған.
Жылама тек қана,
Айыбым не деп.
Айыбың¬ – сені анаң
Шырайлы туған.
Бір шаттық жарығым
Сыйла маған да,
Нұр тамсын
Үп-үлбір еріндеріңнен.
Айтшы өзің сендей жан
Бар ма ғаламда.
Кірпіктерің ұзын -
Кекілдеріңнен?
Гүлде-жайна жаным
Мұңға шырмалма.
Сезімді тұсама,
Ұмтыл арманға.
Бірілме қаңқу сөз,
Жала құмарға.
Өйткені жалғызсың
Мына жалғанда.
Ал, мен – ғашығыңмын
Сенің ең ғаріп.
Түндерді ұйқысыз,
Таңға жалғайтын.
Жаныңда жүріп-ақ,
Саған таң қалып.
Жаныңда жүріп-ақ
Сені аңсайтын.
Тіпті, тізерлеймін
Алдыңда бүгін,
Сүйдім, оным үшін
Ұялам кімнен?
Барлық періштелер
жаныңда күнім,
Көлеңке құрлы емес,
Қияға сіңген...
Біз бақытты боламыз
Құдай қаласа.
Құдай қаламаса,
Кездесер ма едік?!





Пікір жазу