10.06.2022
  118


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Өткен өмірімді

Өткен өмірімді бір күн күреп мен,
Өкінген түгім жоқ теріме сыйдым.
Күлу керек болса күлдім жүрекпен,
Сүю керек болса егіле сүйдім.
Кигенім жібек пе, шыт па, сиса ма ед?
Арымды күзеттім көрген өмірім.
Отқа да, суға да түстім қанша рет,
Өлең ғана ұсынды төрден тұғырын.
Өткен күндеріме оралдым, бақтым.
Бақ-сорым қосылып жанды тербеді.
Сүйдім,
Еркеледім,
Тоналдым,
Таптым,
Адам болып қалдым, бар бітіргенім...





Пікір жазу