10.06.2022
  190


Автор: Жәлел Қуандықұлы

ЦИРК ЖАРНАМАСЫ

Арманға арна ашық: астам да, кем-кетік,
Автобус бәрін де келеді тербетіп.
Біреулер мүлгіген, кейбіреу ұйқыда,
Тірлікке құлықсыз ел де түк.
Ойыңмен қалуды аңсайсың кейде сен,
Орындық қабына жабысқан жейдешем.
Сырласар адамды таппаймын, сондықтан,
Жарнама жазылған қағазбен сөйлесем.
Цирктің жарнама жазылған парағы,
Кіл жыртқыш көзінен мұңды әуен тарады...
Қимылдың сан түрін жасайтын тұлпардың,
Қиқулы бәйгені аңсардай жанары.
Цирк, ол – үстемдік, тоналған ерік, от,
Көнбістер күн кешед ездіктің мөрі боп.
Бұл сайқымазақтар алады керегін,
Бастысы – жарнама ішінде бөрі жоқ...





Пікір жазу