10.06.2022
141
ҚАҢТАРДАҒЫ БАЛМҰЗДАҚ
Тасынып кеудемде бір ағын,
Сезім боп жүргенде құмарым.
Жүректің дүрсілін ұққандай,
Балмұздақ сұрадың.
Балмұздақ салқындық сыры емес,
Екі жақты өмір – бұл, шын елес.
Сыз тартқан жанымды жылытқан
Бал менен мұз ғой ол өрелес.
Кіршіксіз ақ қаймақ таңдарда,
Қол созбау мүмкін бе заңғарға?
Көркіңнен айналдым көктемдей,
Балмұздақ сұраған қаңтарда.
Екпіні көк тіліп жастық үн,
Көзімді қайтадан ашты үнің.
Маусымда қар жауса таң қалман...
Шөліңді бас, күнім.