10.06.2022
  105


Автор: Жәлел Қуандықұлы

А-ҒА

Жүрегімді тепкілеп тысқары екпін,
Көкке құмар сезімді құсқа жектім.
Мен өмірді жеккөре бастап едім,
Аядай көз, сен қайта құштар еттің.
Сезім көрдім мөп-мөлдір көзден ұяң,
Алқынып кеп тоқтады кезбе қиял.
Ұсқынсыз боп көрінген мына жалған
Әрсіз емес екен ғой тезге қияр.
Арманым жоқ өзіңді ән ғып өтсем,
Кеңіп келед(і) дүние тарлық еткен.
Жапырақтар, күз келсе, сарғаяды,
Сенің көркің – алайда мәңгі көктем.
Құл болғандар бақытты құлдық етсе,
Сезім сұлу, Зарлықты Мұңлық өпсе.
Махаббатты көмгісі келетіндер
Сұлулықты жерлесін құрбы жетсе.
Құдіреттен шақша боп шарадай бас,
Кеудеме кеп мың сан ой салады ойқас.
Туылғаным туғаным емес екен,
Өлгенім де өшкенім бола қоймас...





Пікір жазу