10.06.2022
  111


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Күміс күн батысқа еңкейіп...

Күміс күн батысқа еңкейіп,
Ымырт кеп әлемді жабады.
Сол батқан күнменен жарыса,
Бейнең де алыстап барады.
Жүйрік жел ысқыра еркелеп,
Дүние дүрбелең боп жатты.
Құлаққа бір келіп, бір кетіп,
Күлкің де күмбірін тоқтатты.
Қараңғы орнады желкеме,
Қабырғам қайыспай тұрмады.
Кеудемде сақталған сертіңнің,
Сұм түнек сиқырын ұрлады.
Үнемі ақ түсті сүюші ең,
Қараға ауысты барлығы.
Біз енді кездеспейді екенбіз,
Тағдырдың жарлығы...
Аңсаумен арманда өтерміз,
Жалғанның бұйырмас сарқытын.
Жаным-ау, қимаса қайтеміз,
Бұл өмір бір кезбе бақытын?..





Пікір жазу