10.06.2022
  111


Автор: Жәлел Қуандықұлы

ЕРҚАНАТҚА

Кеудесінде алапат күш бұлқынып,
Шын ақынды жасыта алмас сын, күдік.
Қара өлеңнің киесін де ескермей,
Дарынсыздар барады алға ұмтылып.
Сұмдығы жоқ аңғал ақын аңқылдап,
Жанын жеумен жастық оты сарқылмақ.
Ешкімге де жағынуды білмейді ол,
Өтірік те күле алмайды жалпылдап.
Оның жаны аппақ қардай кіршіксіз,
Қаламынан жыр саулайды, ыршып күз.
Мына өмір – оның жазу үстелі,
Келер күнге сенімі бек мүлтіксіз.
Бұл өмірден бәрі өтеді, тоқтар күн,
Ал өлеңде өлмейтұғын от бар-тын,
Мейлі ненің көлеңкесі түссе де,
Поэзия поэзия боп қалсын!





Пікір жазу