10.06.2022
312
ЖИЫРМА БЕС
Бір сәт те қайтпай шегініп,
Түстім сан қатал егеске.
Бұл күнде келдім тебініп,
Жиырма бес дейтін белеске.
Отқа да талай күйдім де,
Тоңдым да талай дірілдеп.
Өмірді шексіз сүйдім бе,
Ойландым неге бүгін көп?
Осылай жүріп жазбаппын,
Жырды да нағыз...
Керек пе?
Таланып қала жаздаппын
«Тағдыр» дейтұғын төбетке...