10.06.2022
  109


Автор: Жәлел Қуандықұлы

ЖАРЛЫҚ

Қара жердің кеудесі –
Тау біткеннің сәлдесі.
Су мен ауа, жарық та,
Мынау шеңбер қалып та.
Сонау шексіз аспан да,
Аспан жайлы дастан да,
Бақыттың да бақшасы,
Сезімнің де патшасы,
Ғылым, білім – кен терең,
Кешірімдер ең ерен,
Күн мен түннің алқымы –
Ай, жұлдыздың жарқылы.
Ақ пен қара жарысы –
Сана-сезім қағысы.
Күллі кәусар бұлақ та,
Сансыз бітпес сынақ та.
Артық туған, ей, пенде,
Барлығы да – сендерге!





Пікір жазу