10.06.2022
143
ДОСҚА
Сен әу баста тағдырға батыл едің,
Ал мен болсам, жай ғана ақын едім.
Сенің оңай әрі жеңіл жол еді арманың,
Менің ауыр әрі адал жол еді таңдауым.
Мен сені садық досым деп санағам,
Сол сенімді ақтай ала ма бар адам?
Сен болмашы нәрсеге терлеп бердің,
Ал мен арыстай ағамды жерлеп келдім.
Сен өмірде талтаң басуға еліктің,
Мен өмірге өлең жазуға келіппін.
Салқынжан мизам басы екен күздің,
Айырмашылығымыз осы екен біздің.
Амал мен адал санаспай бекем,
Ешқашан жанаспайды екен.