10.06.2022
  104


Автор: Жәлел Қуандықұлы

Қара түн.

Қара түн.
Ойлар қақпалап,
Қолымда – қалам, пәк парақ.
Көктемнің қақтым есігін,
Қиялға еріп ақ қанат.
Өрнегін салса миға ағын,
Өшіруге де қимадым.
Сеземін сергелдеңдердің,
Түбінде тылсым күй барын.
Көңілдің қатпарларымен,
Гүл іздеп талай барып ем.
Қауышайықшы қайтадан,
Сезімнің жасыл бағымен.
Жасырмай іңкәрлігімді,
Түнекке шақтым мұңымды.
Шабытым шырақ ұсынып,
Татқым келеді шырынды.
Себелеп соқыр жаңбырың,
Ашыпты аспан сандығын.
Асыға көктем күткенде,
Тез атса екен таң бүгін.





Пікір жазу