10.06.2022
  117


Автор: Жәлел Қуандықұлы

САУҒА

Жылдарым жырақта қалған,
Мұңдарым сынаққа салған,
Кешіңдер күнәмді менің,
Табыстап қуатты арман!
Күндерім күлкімен өткен,
Түндерім ұйқыда кеткен,
Кешіңдер күнәмді менің,
Сыр шертіп сан құдіреттен.
Сәттерім сезім лаулаған,
Тәтті ерін төзімді арбаған,
Кешіңдер күнәмді менің,
Басқа емес, өзін алдаған...
Сағаттар қияға өрлеген,
Парақтар сия көрмеген,
Кешіңдер күнәмді менің,
Аймалап аялы үнменен.
Көңілдер күбір үзбеген,
Өмірлер жылу іздеген,
Кешіңдер күнәмді менің,
Ұлың ем аппақ әлемге
Қарайтын нұрлы көзбенен...





Пікір жазу