09.06.2022
155
ПОЭЗИЯ
Өмірдің сансыз құбылыстарынан,
Тағдырдың тәлкек бұрылыстарынан,
Көңілдің бекзат, гүл-ырыс бағынан
Сені көремін!
Сезімнің терең теңіздерімен,
Достардың ыстық лебіздерімен,
Қимас сәттермен ең ізгі деген
Мені демедің.
Ғашық жүректер дүрсілдерін де,
Тілсіз түндердің күрсінгенін де,
Жұмбақ ғаламның тылсым демін де
Сенсіз сезбес ем.
Уақытпен солай жарысамын да,
Тағатты әбден тауысамын да,
Өзіңмен қайта қауышамын да,
Үнсіз тілдесем.
Мен, солай күн кешем...