09.06.2022
104
Шуақ
«Көктемді өлмеген жан көреді ақыр»,
Деуші еді осындайда әжем - пақыр...
Шатырдан салбыратып мұз – арқаның,
Тамшылар жерге сырғып келе жатыр?
...Әлі де қарайған жоқ, бөктер бірақ,
Ақ жылан ұйықтап жатыр – қатқан бұлақ.
Арқаңнан білінгенмен ашулы ызғар,
Алдыңнан күлімдейді көктем – шуақ.