09.06.2022
  101


Автор: Мерғали Ыбыраев

Төтеге (Төлеген)

Уәде, айтылған серт жолда қалды,
Кеш бата нанғыш, алғыш – сорлы ағаңды.
Дұшпанның қиын екен сыйлағаны,
Онан да жақсы екен-ау қорлағаны.
Шақырдым «кафе» жаққа шақырмаста,
Бірқожына топырлаған ақын басты...
Жеп отыр үйге барсам бауырларың,
Қырсаң да қырым ет жоқ соқыр басты.
Ұғарсың хал жайымды інім зерек,
Білемін, аш жүрсең де білім керек.
20 сом 20 тиын емес пе еді,
Жоқшылық тапты мені бүгінде кеп.
Нандым-ау «беремізге» қара басып,
Бос барды былғаң қағып қара жәшік
Ашқанда алма орыңыңа сабын түсті,
Қағазбен қобыраған араласып.
Түсіме кіріп жүрсің маза бермей,
Өсіп ең жоқтық көрмей, қаза көрмей.
20 сом қайтады ғой, алаңдама,
Онан да жақсы жырды жаза бергін.
Атыма шақты тіліп келмей,
«Баба» деп жігіт едің, інім сенбей.
Әлі де баба болам,
Қарыздың бірін беріп, бірін бермей!
Қос өкпе сырылдайды, әл азайып,
Қырықта кетпей ме өзі қан азайып.
Бір жақтан Каукең де жылап отыр,
Кием деп жазғы көйлек модаға лайық
Даярда кісі деген қара құрым,
Ақша емес, ауа жетпей барады інім...
Ал, төре, бар тілеймін құтты болсын,
Алғашқы астаналық жаңа жылың!





Пікір жазу