09.06.2022
112
Ақ қағаз
- Баспахана – баспанаң,
Деп жұбайы сазарды.
Жыртып-жыртып тастаған,
Жинап жүріп қағазды.
- Жазасың-ау ерінбей,
Бір-ақ жарап жатқаны аз.
Табылмас па темірдей,
Жыртылмайтын ақ қағаз?!
- Табылар-ау, табылса,
Деді ақын – ол дағы аз!
Жақсы жырлар жазылса,
Жыртылмайды сол қағаз!