09.06.2022
87

Жолаушы
Жұлдыздар жоқ тесетін құрым төсін,
Өлі аспанды қалайша тірілтесін?!
Тек найзағай адасқан бұлт ішінен,
Әлсін-әлсін шағады сіріңкесін.
Білмеймін, түнге қалай жолығып ем,
Бұл жерде өзім бармын, соны білем...
Жол тауып жеті түнде жетсем жақсы
Ауылыма найзағайдың жарығымен!