09.06.2022
  109


Автор: Мерғали Ыбыраев

Бақта

Ағаштың мұнда түрі көп,
Қарағай, терек еңселі.
Жапырақ – еріні дірілдеп,
Сырларын сылқым шертеді.
Қыз балтыр қайың бір шетте,
Біркелкі, биік, сымбатты,
Емізген нұрын күн көктен,
Қадірле достым бұл бақты.
Мерейін құйып бәріне,
Ұйқысын ашып ертелік.
Өсірген өмір төріне,
Баптаған бағыбан тер төгіп.
Біріне-бірі жарасып,
Сұлулық жасап тұрғандай.
Бойлары көктен әрі асып,
Бұлтты бейне сырғандай.
Қол созып күнге жарысқан,
Болса да тегі не түрлі.
Қиырдан келіп табысқан
Тамаша достар секілді!





Пікір жазу