09.06.2022
114
Ән
Сәл ұялшақ көрінген,
Әнші екен қарындас.
Жібек түндей төгілген,
Сыршыл екен қарындас.
Шымырлатып ән – бойды,
Кетті мына ән билеп.
Толқын болып тербейді,
Жүрегіңді әлдилеп.
Таң алдында шырқаған,
Сандуғаштың жыры ма.
Құлап түскен қырқадан,
Сыбызғының мұңы ма?!
Кей жүректі мұңайтып,
Кей жүректі тыңайтып.
Белбеулеген ән ерке,
Шын ғашығын тұр айтып...
Кәрілікке көнбей ме,
Қарт қабағы жабылды.
Жақсы ән де кей-кейде,
Жылатады-ау жаныңды.