09.06.2022
  125


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ақын зары

Бүйі түнде бүгінгі сұрқы жаман,
Бөрі талап құлындай шырқыраған.
Сорлы үнге – сор маңдай, соры қалын,
Сай-сүйегі ақынның сырқыраған.
Безінгелі қашан ол тас-төсектен,
Зар енген самал орнына ашпа есіктен.
Жоқтау ма, жүйеңді алған…ызың-ызың,
Ұлан ба, әлде оянған аш бесіктен.
Сол бір үн құлағына талып жетіп,
Тысқа шықты ол… шыдамай қалы кетіп.
Түн ортасы екен-ау… жерге түсті,
Қарсы алдынан бір жұлдыз ағып өтіп.
Япырмай, бұл недеген жаман ырым,
Қозғаған қайғы-қобыз шанағын кім?!
Ата ақын аттай беріп… ойлап қалды,
Алыстағы Әбіштің амандығын.
Ер қайда ел деп отқа түсетұғын,
Емі еді ол езілгенде ішетуғын.
Осындай оңашада… жапа-жалғыз,
Есіне сол баласы түсетұғын.
- Тәңірі – дала, сілтегей жалғызға оңды,
Тым ерте үзбесе етті дағдыр қолы.
Мен ескінің арты едім”, аяа-ана,
Жаңа күннің басшысы” - жалғыз соны…
Көктесін сол… мен сояу қу егіндей,
Таң алдына жеттім бе, жүремін дей.
Жетпедім бе, қор еткен заманым-ай,
Жөнге жүрмей, не өзі жүре білмей.
Қу өмір, болмадың ба өшіңді алып,
Не зар мынау… барады есімді алып.
Үңілді ақын Әлемге… таң алды екен,
Қалыпты жалғыз жұлдыз өшіп – жанып.
Самаладай сәулеге сараң ба еді,
Сарыарқада түн неткен қараңғы еді.
Қарсы бетке аяңдап бара жатып,
Көп ұзамай таң да атып қалар деді.
Бірақ… бірақ… сол түні таң атпапты,
Әбіш өлді… ақын у жалап қапты.
Үзілгенде ұлы Абай, - дейді үлкендер,
Көк жиекке жанары қарап қапты…
Басу айтам, сол жылы көпке егілген,
Дана ақын қабірге жоқ көмілген.
Жүреді екен… ылғи да таңды қарсы ап,
Жидебайда қазақи шекпенімен!





Пікір жазу