09.06.2022
121
Түн – кабинет
Ел ұйқыда, мазалайды кім келіп,
Әсем теннен қасиетті нұр көріп.
Тіршіліктің тілсіз үнін тындаймын,
Құйылардай жым-жырт дүние жыр болып!
Бояулы аспан жайып қойған көрмедей,
Жалтырайды жалаңаш көл теңгедей.
Дауыстасаң күмбірлейді кең дала,
Қонақ қайтып, босап қалған бөлмедей.
Жүрегінде жыр тулаған шақ қандай,
Мен боп дала үлкен ойға батқандай.
Көк аспанда жылтырайды жұлдыздар,
Жер ошақта сөнбей қалған шоқтардай.
Ақын жанын түсінбейді кей адам,
Керек емес жайлы төсек, жай оған.
Айлы түнде үнсіз ғана жыр жазып,
Қызметке күн боп күліп оянам!