09.06.2022
  167


Автор: Мерғали Ыбыраев

Темекінің шоқтары

Осындай да – «ғарып пе ең»
Ақындар-ау мақтаны аз.
Шаршатты ғой жарық пен,
Шақырайған ақ қағаз.
Қайда сіздер айтатын
Асып кетіп сабадан
Толып-толқып қайтатын.
Толқындарың жағадан?
Келмей өлең ыңғайға,
Өтті-ау тағы түн текке.
Күлсалғышың мұндайда,
Шылым үйген күлтөкпе.
...Осындай бір шақтары,
Тағасың-ау, кедйде мін.
Темекіңнің шоқтары,
Тесіп кеткен көйлегім!





Пікір жазу