09.06.2022
  91


Автор: Мерғали Ыбыраев

Қайырлы таң

Қайырлы таң.
Қайырлы таң.
Шыңғыс таулары!
Түннің қою шашы төгілген.
Тым-тырыс бақша, баулары.
Айна сәуле ашық көкте аунады,
Қып-қызыл арай өртеніп барып жанбады...
Армысың, Абай таулары!
Тамылжып тұрған тоғайлар болып сазды әні,
Шоқтығындағы шашылған шоқтай бір
үміт тағы маздады.
Ып-ыстық тамшы сағыныш толы кеудемнен
Үзіліп барып, үзіліп барып тамбады.
Кешегі жүрген ауыр мұң қайда басып бой.
Талпынып, таңмен, таласып қайда асықты ой.
Ақ самал болып аунайды сәулем, оянсаң.
Терезеңді ашып қой!...
Көзімде қазір – гүлдерде тұнған таң жасы,
Аян ғой оның құрғамай тағы қалмасы...
Адастыр мені! Данколар кірген жыр – орман,
Жетеле мені, Абайлық таңның жалғасы!





Пікір жазу