09.06.2022
126
Қайта жауған қар
Қысқы таң қансонар боп атқан екен,
Қайтадан гримденген бақ та бөтен.
Сырғанақтың қасында сал біреу тұр,
Әлде кім? – деп қарасам, – аққала екен.
Қар қыртысын қалыңдап, жалдап биік,
Түн жетіпті күмісін саулап құйып.
Ағаштар да арса-арса бұтағына,
Алыпты аппақ түбіт қолдап киіп.
Байқадым қыс күнінен таныс қалық,
(Қалған бұл елес еді алыста – үміт)
Жүруші еді, әжем менің тап осында,
Жаулығын кірлегенде ауыстырып.