09.06.2022
  114


Автор: Мерғали Ыбыраев

Тіл

"Тілді Төкен тілсіз қалды"- деп естіп,
Жатты жауы күні-түні кеңес қып,
- Қырт еді! - деп қойды бірі кекетіп, -
Сәл тыйылды-ау бейпіл ауыз, әбестік,
Жүрген бұрын әр бұрыштан баспа қып,
Бірі-біріне иек қағып қас қағып,
Қарқ-қарқ күліп, қарқылдаған қарғалар,
Көмейлерге жүз грамдар тасталып.
- Ішкіш еді, іші мерез әу бастан,
Татпайтын-ақ болған шығар ол қасқаң,
"Ох, әкең!" - деп іштей үнсіз түтіліп,
Кеттім шығап күліп жатты талмастан.
- Тілсіз деген айтшы, ағатай, кім сізге,
Апар – дедім Балтекеңе, – тілсізге,
Кеудесіне күн бітірген күнсізге,
Тіл бітірген мылқаулар мен тілсізге,
Үн бітірген меңреулер мен үнсізге,
Тілден қалса, тірлігі не салауат,
Апар! – дедім Балтекеңе, – Тілсізге!
Ұнататын, өзін біреу жек көрсе,
Құшақ жайған дұшпаныңа кектенсе,
Қара тілдің, ана тілдің қылышын,
Қынапқа сап қоямыз ба, текке өлсе,
Төкен кетсе, тіл білетін бірі жоқ,
Тасқа айналып кеткені ме тілі жоқ.
Ірі жоқта сөйлейтұғын ірі боп,
Сөйлейтұғын ақиқаттың тілі боп,
Құстай ұштым сая жайға барғанда,
Арашашы кім бар мынау жалғанда,
Мұрттай ұшып кете жаздап, теңселдім,
- А, Мерғали! Келдің бе, - деп қалғанда.





Пікір жазу