09.06.2022
  125


Автор: Мерғали Ыбыраев

Кержақ

Мастанып өз-өзінен қанаттанса,
Мылжыңның сөзі бітпес таң атқанша.
Соққанын сезбейді ол, сағат қанша,
Сезбейді ол, таусылғанын тағат қанша.
Көп болса: биязы едім, басынды дер,
Көп болса: кеуде қағып тасынды дер.
Шайыңды суып қалған самасымен,
Бетіне мылжыңдардың шашып жібер!





Пікір жазу