09.06.2022
152
Таңсәріде
Оянбай тұрып ел ерте,
Ісен асты таңның жарлығы.
Капировка – көлеңке,
Өртеңген түннің қалдығы.
Төңірек жарық күндіздей,
Сүт құйған шөлмек – күмбезім.
Қысқа таң кірпік ілгізбей,
Қызартып ашты күн көзін.
Жапанды жапқан ағым бер,
Жөнкіліп жатыр жер төсі.
Желкілдеп жатқан сағымдар,
Көгалды жаздың көрпесі.
... Үлгермей қалған ту, алыс,
Үмітке тағы ерем мен.
Қарлығаш мінген қуаныш,
Қалықтап ұшса төбемнен!