09.06.2022
  125


Автор: Мерғали Ыбыраев

Ақ түн

Айлы аспан төніп төбемнен,
Тамады тамшы нұрдан бір.
Құпия жарық әлемнен,
Құйылып тұрған ақ жаңбыр.
Сүттей ақ қайың тербелген –
Күндізгі жарық цехтағы.
Жалп ете түсіп сөнбеген,
Ақ селеу – дала оттары!





Пікір жазу